作词 : Думан Шекібайұлы
作曲 : Мұрат Мұстафаұлы
Бір шәугім шәй, барма еді естеріңде
Қара шәугім қайнайтың пештерінде
Қайран анам малынып қара терге
Тәңертең, түс, құятын кештерінде
Қайран анам малынып қара терге
Тәңертең, түс, құятын кештерінде
Қойдын қиы отыны құрғақталған
Қара мұржа түтіні бұдақталған
Таң бозынан тұратын қайран анам
Бір шәугім шәй құятын қаймақталған
Таң бозынан тұратын қайран анам
Бір шәугім шәй құятын қаймақталған
Тезек теріп, келушек қырақтардан
Су әкеліп құятын бұлақтардан
Қара шәугім қалдың ау қара қоста
Қанат қағып өзіңнен жырақтағам
Қара шәугім, қалдың ау қара қоста
Қанат қағып, өзіңнен жырақтағам
Бір шәугім шәй ішейік сыр ақтарып
Анамызды ешқашан жылатпайық
Келіп кетіп тұрайық сағынышпен
Айлар емес ара күн бір апталық
Қара пешің құт болып тұра берсін
Тамған терін анамның құлатпайық
Тамған терін анамның құлатпайық

热门推荐| 1 | |
|---|---|
| 2 | |
| 3 | |
| 4 | |
| 5 | |
| 6 | |
| 7 | |
| 8 | |
| 9 | |
| 10 |