Toregali Toreali/Тоқтар Серіков/Meirambek Bespaev/Алтынбек Қоразбаев-Айхай 25歌曲免费下载

《Toregali Toreali/Тоқтар Серіков/Meirambek Bespaev/Алтынбек Қоразбаев-Айхай 25》歌曲详情

作词 : Алтынбек Қоразбаев

作曲 : Қайнар Алагөзов

Сұлулардың сөз салдым нешеуіне

Математик жете алмас есебіне

Жартаңдаған жиырма бес

Жалған тартып қиялды жайдақ мініп

Мен де келдім жиырманың бесеуіне

Талтаңдаған жиырма бес

 

Түн ұйқысын

Төрт бөлетін

Жанып-күйіп өртенетін ой пәлі-ай

Сағым құған жиырма бес

От болатын

Шоқ болатын

Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай

Сағындырған жиырма бес

 

Мен де келдім жиырманың бесеуіне

Бес жастағы ұл едім кешегіде

Кіріп келді-ай жиырма бес

Бұған дейін балалық шалалықпен

Ауылдың да қалғанбыз өсегіне

Үміт берді-ай жиырма бес

 

Түн ұйқысын

Төрт бөлетін

Жанып-күйіп өртенетін ой пәлі-ай

Сағым құған жиырма бес

От болатын

Шоқ болатын

Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай

Сағындырған жиырма бес

 

Мен де келдім елудің жартысына-ай

Отыз бес-ақ жыл қалды алпысыма

Лапылдаған жиырма бес

Бойда құат, кеудемде намыс барда-ай

Айтысыңа дайынмын, тартысыңа

Батыл қадам жиырма бес

 

Түн ұйқысын

Төрт бөлетін

Жанып-күйіп өртенетін ой пәлі-ай

Сағым құған жиырма бес

 

От болатын

Шоқ болатын

Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай

Сағындырған жиырма бес

 

Күнде ойын

Күнде думан

Сұлу іздеп арман қуған ой пәлі-ай

Сылқым сері жиырма бес

 

От болатын

Шоқ болатын

Бар болатын, жоқ болатын ой пәлі-ай

Сағындырған жиырма бес

下载地址:

此为隐藏内容,需人机验证后查看下载!